Қазақстан теннисшісі Таиландта өткен ірі турнирде сенсация жасады

27 Тамыз 2023, 17:24
709
Бөлісу:
Қазақстан теннисшісі Таиландта өткен ірі турнирде сенсация жасады
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Накхонситхаммаратта (Таиланд) өткен ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ

Sport.kz сайтының мәліметінше, дүниежүзілік рейтингте 1057-орында тұрған Ломакин финалда әлемнің 680-інші, доданың 3-ракеткасы болып табылатын жергілікті теннисші Касидит Самреймен бас жүлдені сарапқа салды.

Қарсыласын жеңуі мүмкін емес деп топшылағанған додада жерлесіміз сенcация жасады.

Үш сет бойында: 7:6, 4:6, 6:3 есебімен ол қарсыласынан басым түсіп, чемпиондық атақты жұлып алды.

Айта кетсек, Ломакин турнирді іріктеу сынынан бастап бір апта ішінде жеті матч бойында қатарынан жеңіске жеткен.

Жарыстың жүлде қоры - 15 мың АҚШ доллары.

Өзгелердің жаңалығы