Қазақстан Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

14 Сәуір 2024, 15:41
338
Бөлісу:
Қазақстан Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: gov.kz

Қазақстан Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына алаңдаулы, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына байланысты терең алаңдаушылық білдіріп, тараптарды барлық келіспеушіліктерді тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырады. Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдауын тағы да атап өтеді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы