Қазақстан тарихында әуе кеңістігіндегі көрсетілген қызмет көлемі рекордтық көрсеткішке жетті

15 Мамыр 2024, 15:21
362
Бөлісу:
Қазақстан тарихында әуе кеңістігіндегі көрсетілген қызмет көлемі рекордтық көрсеткішке жетті
Фото: «Қазаэронавигация» РМК

2023 жылы «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорын мамандарымен еліміздің әуе кеңістігінде 415 мыңнан астам ұшып-қону бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде, 107 мыңға жуығы отандық әуе компанияларымен, ал 308 мыңы шетелдік әуе компанияларымен жүзеге асырылған рейстер. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

2024 жылдың бірінші тоқсанында еліміздің әуе кеңістігінде 90 мыңнан астам аэронавигациялық қызмет көрсетілген. Оның ішінде, отандық әуе компанияларымен жасалған 25 мың рейс пен шетелдік әуе компаниялары жүзеге асырған 69 мың рейс.

Айта кетейік, Көлік министрлігінің «Қазаэронавигация» РМК республиканың бүкіл аумағында әуе қозғалысын ұйымдастырумен айналысады (2,7 миллион шаршы шақырым). 

Бақыланатын әуе трассаларының жалпы ұзындығы 111 мың шақырымды құрайды. Кәсіпорынның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Өзгелердің жаңалығы