Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан таеквондодан Гран-при іріктеу кезеңін өткізеді

12 Мамыр 2025, 17:46
457
Бөлісу:
 Федерацияның баспасөз қызметі
Фото: Федерацияның баспасөз қызметі

2026 жылы таеквондодан Гран-придің финалдық кезеңі Астана қаласында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл шешім Әлемдік кеңестің Фуджейра (БАӘ) қаласында өткен отырысында қабылданды.

Қазақстандық делегация әзірлеген жоба халықаралық ұйым тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Еске салайық, бұл турнирді өткізу құқығы үшін 18 ел бақ сынаған болатын.

Келер жылы Қазақстан астанасында әлемнің ең мықты таеквондошылары жиналады.

Гран-при барысында 2028 жылғы Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынады.

 

Өзгелердің жаңалығы