Қазақстан студенттеріне қандай жағдай жасалған

14 Ақпан 2024, 16:11
676
Бөлісу:
Қазақстан студенттеріне қандай жағдай жасалған
Фото: Арман Мухатов - архив

Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Саясат Нұрбек студенттерге қандай жағдай жасалып жатқаны жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылдың қорытындысы бойынша студенттердің стипендия мөлшері бакалавриатта 20 пайызға, магистратура мен докторантурада 15 пайызға (докторанттар – 217 500 теңге) ұлғайтылды, - деп айтты министр.

Нұрбектің айтуынша, мемлекеттік тапсырыстың көлемі жыл сайын артып келеді. Мысалы, 2000 жылы – 12 860 грант, 2023 жылы – 88 204, биыл – 93 000 бөлінді.

2021 жылдан бастап 27 мың орындық 126 жатақхана пайдалануға берілді, оның ішінде 2023 жылы - 10 мың орындық 43 жатақхана.

Алғаш рет 2023 жылғы қыркүйектен бастап ата-анасынан айырылған студенттерге, сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектерге жатақханада тұру құны 29 айлық есептік көрсеткіш немесе 100 50 теңге көлемінде өтемақы төленіп жатыр, - деді ол.

Бұған дейін ұстаздардың жалақысы 400 мың теңгеге дейін көтерілгені хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы