Қазақстан спортшылардың құқығын қорғау жөнінде бастама көтерді

7 Қазан 2023, 18:06
904
Бөлісу:
Қазақстан спортшылардың құқығын қорғау жөнінде бастама көтерді
Фото: ҰОК

БүгінҚытайдың Ханчжоу қаласында Ханчжоу-2022 жазғы Азия ойындары аясында БАҚ өкілдерінің қатысуымен Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшелері – боксшылар Асланбек Шымбергенов пен Карина Ибрагимоваға қатысты істердің барысы туралы ақпарат берді.

Өкінішке қарай, Ханчжоуда қазақстандық боксшылардың құқығын ықтимал бұзу жағдайлары болды. Бұған біздің спортшыларымыз, жанкүйерлеріміз және бүкіл отандық делегация куә болды. Ұлттық Олимпиада комитеті Туризм және спорт министрлігімен, сондай-ақ Қазақстан бокс федерациясымен бірлесіп, қалыптасқан жағдайға байланысты қажетті шараларды дереу қабылдады. Спортшылардың өздерінің, жаттықтырушылардың пікірін сұрап, Федерация мамандарымен және тәуелсіз сарапшылармен, заңгерлермен Асланбек Шымбергеновтың жекпе-жегі аяқталғаннан кейін бірден кеңес жүргізілді. Бұл жарыстарда жекпе-жектерді ресми қайта қарау рәсімі болмағандықтан, біздің ойымызша, спортшылар төрешілердің шешімдеріне ресми түрде шағымдану құқығынан айырылады, бұл өз кезегінде ОАА ережелері мен Олимпиада Хартиясында көзделген, - деді Андрей Крюков.

Оның сөзінше, апелляциялық техникалық қазылар алқасы құрылмады, рәсім PBU ережелерінде қарастырылмаған (ХОК-тың бокстағы жұмыс тобы Париж-2024).

Қазақстан спортшылардың құқығын қорғау жөнінде бастама көтерді

Біз халықаралық олимпиада комитеті мен Азия Олимпиада кеңесіне тиісті шағым жолдадық, олар қазіргі уақытта зерттеліп жатыр. Мұнда бокстың техникалық мәселелері ғана емес, құқықтық тәртіп пен спортшылардың құқықтарын бұзу мәселелері де қозғалғандықтан, біздің талаптарымызға жауап дайындау өте кешенді, заңдық тұрғыдан күрделі және уақытты қажет етеді. ХОК пен ОАА шешімдерінің нәтижесі бойынша біз қажет болған жағдайда халықаралық спорт трибуналына одан әрі жүгіну туралы шешім қабылдаймыз, - деді Андрей Крюков.

Төрешілердің субъективтілігі, бокс тәсілдерінің қақтығысы туралы әңгімелер, жеке жанашырлық және сол сияқтылар бағалау кезінде жекпе-жектің соңғы есебіне әсер ете алмайды және әсер етпеуі керек. Адал бокс өтуі керек, ХОК осыған ұмтылады, және Қазақстан мұндай тәсілді толығымен қолдайды. Жекпе-жекті бағалау критерийлері PBU бокс ережелерінде нақты көрсетілген. Мұнда бокс тәсілі немесе басқа да нақты емес критерийлер туралы жеке мәселелер қарастырылмаған, егер судьялар Шымбергеновтің жекпе-жегін белгіленген төрешілік ережелері бойынша емес, осындай қағидаттар бойынша бағалаған болса, онда бұл төрешілер корпусының бейкәсібилігі немесе одан да маңызды себептер туралы жағдайды көрсетеді. Ол үшін жекпе-жектің нәтижелеріне шағымдану рәсімі қарастырылған. Егер ережелер шынымен бұзылған болса, апелляциялық алқабилер тиісті шешім қабылдауы керек. Сонымен қатар, күмәнді жағдай туғызбау үшін бір «континентальды блоктан» 3 судьяны (көпшілікті) тағайындауды алдын ала болдырмауға болатын еді.

Қазақстан спортшылардың құқығын қорғау жөнінде бастама көтерді

Өкінішке қарай, Ханчжоуда болған жағдайды егжей-тегжейлі талдай отырып, көптеген қарама-қайшы сәттерді ұшыратуға болады. Жеребе тастау кезінде нақты таңдау жасау рәсімі қарастырылмаған, бұл ең мықты боксшылардың алдын-ала жекпе-жек кезінде-ақ кездесіп қалуына, әйелдер боксындағы қатысушыларды гендерлік сәйкестендірудің нақты ережелерінің бұзылуына, жекпе-жекке төрешілердің көпшілігінің бір «блоктан» тағайындалуына және басқа да қайшылықтарға әкеліп соқтырады. Бұл фактілердің барлығы боксшылардың сарапшылар қауымдастығының объективті күмәнін тудырып отырғандығын атап өтті Андрей Крюков.

Мұндай құқықтық олқылықтардың орны спортшылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру арқылы толтырылуы керек. Біз жарыстарды ұйымдастыруда және бокстағы сыбайлас жемқорлықтың тамырын жоюда PBU және ХОК қандай қиындықтарға тап болып отырғанын, боксты түрлендіру жолының қаншалықты қиын екенін түсінеміз... Алайда, спортшылардың құқықтарын қорғау біздің ортақ міндетіміз және бұл жерде тиісті шешімдерді табуға болатынына біз сенімдіміз, - делінген Ұлттық олимпиада комитетінің ХОК пен АОК-не жолдаған үндеуінде.

Қазақстан спортшылардың құқығын қорғау жөнінде бастама көтерді

Бокстан біздің спортшыларымызға қатысты қалыптасқан жағдайды отандық функционерлер, ең алдымен, жарыстарға рұқсат беру ережелерінде туындаған құқықтық қақтығыспен, наразылық білдіру және жекпе-жек нәтижелеріне шағымдану құқығын және мүмкіндігін бекітетін ережелердің болмауымен байланыстырып отыр. Бұл жерде Ханчжоудағы бокс турнирі Париждегі Олимпиада ойындарына іріктеу болып табылатындықтан және PBU өткізетіндіктен, мұндай жағдай алғаш рет болғанын атап өткен жөн. Азия ойындарында бокстан жарыстарды регламенттеудегі жоғарыда атап көрсетілген қайшылықтарға қарамастан, Азия Олимпиадалық кеңесі Қазақстан тарапы енгізген наразылықтарға жедел ден қойып отырғаны маңызды.

Қазақстан спортшылардың құқығын қорғау жөнінде бастама көтерді

Карина Ибрагимованың соңғы жекпе-жегін талдап көрелік. Жекпе-жек басталардан бір күн бұрын, біздің талабымыз бойынша, медициналық сипаттағы мәселелер бойынша шешім қабылдауға жауапты Азия Олимпиадалық кеңесінің медициналық комиссиясы шұғыл шақырылды. Комиссия өз кезегінде біздің талабымыз бойынша нақты дәлелдер алу үшін қажетті іс-шараларды жедел ұйымдастырды. Мұндай процедуралардың нәтижелерін алу үшін медициналық ұйымдардың деректерін өңдеуге біраз уақыт кетеді. Комиссия жұмысының нәтижелері дайын болған кезде тиісті шешім қабылданып, соның негізінде біздің тарап Халықаралық спорт трибуналына одан әрі жүгіну туралы мәселені шешетін болады. Қолданыстағы процедуралар осындай.

Туризм және спорт министрлігімен және Қазақстан бокс федерациясымен бірлесе отырып, біз бұл жұмысты құқықтық саладағы қолданыстағы регламентке сәйкес жалғастыратын боламыз. Тиісті ақпаратты осы істердің алға басуы барысында және барлық тараптардың мүдделерін сақтай отырып ұсынатын боламыз. Спортшылардың денсаулығы мен құқықтарын қорғау - ҰОК жұмысының басты басымдығы, - деді ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюковтың үндеуі:

«Құрметті спорт сүйер қауым, бокс қауымдастығы, қазақстандық жанкүйерлер! Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің атынан біз барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдағандығымызға, яғни барлық ықтимал бұзушылықтар туралы ақпараттың түсуі бойынша бірден шара қолданғандығымызға сендіргім келеді.

Қалыптасқан жағдайда спортшылардың құқықтарын қорғау мәселелері құқықтық тұрғыдан осал тақырып болып табылады, сондықтан істің барысы, біз жүргізіп жатқан барлық іс-шаралар туралы ақпаратты тексеру аяқталғанға дейін және ресми нәтижелер шыққанға дейін жариялау соттық жауапкершілікке ұрындыруы мүмкін, өйткені бұл ретте басқа тараптардың құқықтары бұзылуы мүмкін.

Қазір мәселе ҚР ҰОК президентінің, ҚР Туризм және спорт министрінің, Қазақстан бокс федерациясы президентінің жеке бақылауында. Барлық қажетті қарастырылған. Күн сайын осы процеске қатысты ұйымдармен, оның ішінде Ханчжоуда өкілдігі орналасқан халықаралық спорт трибуналымен тиісті консультациялар өткізілуде.

Барлығыңызды осы күрделі процеске түсіністікпен қарауға шақырамын. Іс барысы бойынша барлық ақпарат болу мүмкіндігіне қарай және құқықтық тұрғыдан ашу мүмкіндігіне қарай берілетін болады. Біз спортшыларымыздың құқықтарын қорғау жолында барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз».

2023 жылдың 3 қазанында бокстан Азия ойындарының жартылай финалында қазақстандық Асланбек Шымбергенов пен Жапониядан келген Савон Оказаваның жекпе-жегінде – жеңіс төрешілердің шешімімен жапон боксшысына берілген болатын. Бұл сарапшылар қауымдастығы мен жанкүйерлердің келіспеушілігін тудырды. Ал 2023 жылдың 5 қазанында Карина Ибрагимова финалда қытайлық Тайпейден келген боксшы, 2022 және 2023 жылдары жынысы бойынша бірнеше рет даулы мәселе көтерілген Лин Ю Тингпен жекпе-жекке шыққан болатын.

Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында Азия Олимпиада Кеңесінің қолдауымен өтіп жатыр. Бокстан жарысты АОК және ХОК бокстан Париж-2024 жұмыс тобы (PBU Paris 2024) өткізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы