Қазақстан Словакияда еркін күрестен U20 әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды

Бекасыл Асамбек 61 келіге дейінгі салмақта екінші орын иеленді.

 olympic.kz 22 Тамыз 2026, 20:55
22 Тамыз 2026, 20:55
212
Фото: olympic.kz

Қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Еркін күрес шебері 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орын иеленді.

Финалда ол АҚШ өкілі Аарон Джеймс Сейделмен кездесті. Белдесу қорытындысы бойынша америкалық балуан жеңіске жетті.

Сондай-ақ финалдық белдесулерде 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев өнер көрсетті. Ол қола жүлде үшін күресте жапониялық Нацура Окадзаваға есе жіберді.

Наверх