Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жіберді

10 Ақпан 2023, 17:18
784
Бөлісу:
Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жіберді
PHOTO
Фото: ТЖМ

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына мемлекеттік материалдық резервтен 50 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Гуманитарлық көмекті жөнелтуге Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр М. К. Пішембаев қатысты.

Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жіберді

Гуманитарлық жүктердің құрамына консервілер, жылы киімдер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары кірді.

Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жіберді

Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша, азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы арқылы Алеппо қаласына төрт рейспен жіберілетін болады.

Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жіберді

ТЖМ Сирия үкіметі мен халқына көңіл айта отырып, өз қолдауын көрсетеді.

Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жіберді

Гуманитарлық көмекті ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері тиеді.

Өзгелердің жаңалығы