Қазақстан СІМ мен қытайлық компания энергетика саласын дамытуға қатысты меморандумға қол қойды

8 Желтоқсан 2022, 12:09
1244
Бөлісу:
Қазақстан СІМ мен қытайлық компания энергетика саласын дамытуға қатысты меморандумға қол қойды
Фото: автордан

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен SPIC China Power International holding Limited (CPIH) энергетика саласын дамытуға қатысты меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының (AREK) қытайлық China Power International Holding Limited компаниясымен бірлесіп ұйымдастыруымен, Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі конференция өтіп жатыр.

Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын дамыту перспективалары, Қытай капиталын, технологиялары мен жабдықтарын Қазақстандағы жаңартылатын энергия жобаларында пайдалануға көмектесу мәселесі талқыланады.

Қазақстан СІМ мен қытайлық компания энергетика саласын дамытуға қатысты меморандумға қол қойды

Сыртқы істер вице-министрі Алмас Айдаров конференцияның мақсатын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Әлем өзгеріп жатырмыз. Біз барлық көршілеріміздің, Еуропаның қызығушылығын көріп отырмыз, өйткені біз жасыл энергияның әлеуетті ірі экспорттаушысы бола аламыз. Жақында ғана өткен климаттық конференцияда Еурокомиссиямен жасыл сутегі жеткізу тізбегін құруға қатысты келісімге келдік. China Power-дің жасыл сутегі технологиясымен де айналысатынын білеміз. Біз елімізде неміс және аустралиялық серіктестермен екі ауқымды жобаны бастадық. Ол жасыл сутегін өндіру және оны Еуропа елдеріне экспорттау бойынша жоба, - деді СІМ вице-министрі.

Қазақстан СІМ мен қытайлық компания энергетика саласын дамытуға қатысты меморандумға қол қойды

Алмас Айдаров пандемияға байланысты қытайлық әріптестерімен тығыз байланыс уақытша тоқтағанын айтты. 

Сонымен қатар Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо Қытайдың энергетика корпорациясы әлемдегі жасыл дамудың көшбасшыларының бірі екенін айтты.

Жаңартылған энергия көздерін дамытуға арналған конференцияға қатысу мен үшін үлкен абырой. Өздеріңіз білетіндей, биыл, яғни 2022 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отыр. Осы жылдар бойы елдеріміз дос, тату көрші ретінде стратегиялық серіктестікті дамытып келеді. Бұл әлемдік дипломатиялық тәжірибедегі бірегей мәртебе, - деді Чжан Сяо.

Қазақстан СІМ мен қытайлық компания энергетика саласын дамытуға қатысты меморандумға қол қойды

Ол ҚХР төрағасы осы жылы Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарында екі ел басшылары дәл осы жаңартылған энергия көздерін дамыту перспективасын талқылағанын атап өтті. Дипломат атағандай, энергия саласында бірқатар келісімге қол қойылған болатын.

Осы саладағы екі елдің жобасы өңірдегі 200 мыңнан астам үйдің тұрақты тұтынуын қамтамасыз ете алады. Осылайша бұл жоба Қазақстанда жаңартылатын энергияны орнату үлесін арттыруға үлкен үлес қосады және қос көміртекті мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі, - деді Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо конференцияда.

Қазақстан СІМ мен қытайлық компания энергетика саласын дамытуға қатысты меморандумға қол қойды

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен SPIC China Power International holding Limited (CPIH) энергетика саласын дамытуға қатысты меморандумға қол қойды.

Өзгелердің жаңалығы