Қазақстан СІМ-де ақпаратқа қол жеткізу және сайлау заңнамасы талқыланды

1 Қараша 2023, 04:26
505
Бөлісу:
Қазақстан СІМ-де ақпаратқа қол жеткізу және сайлау заңнамасы талқыланды
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органының кезекті отырысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Жоғарғы Соттың судьясы, Орталық сайлау комиссиясының, Конституциялық соттың, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің, мүдделі министрліктердің, қазақстандық құқық қорғау ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ, халықаралық әріптестердің өкілдері, оның ішінде, БҰҰ Даму Бағдарламасы, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және басқалар қатысты.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надирқұлова өз сөзінде 2022 жылғы референдум қорытындысы бойынша қабылданған конституциялық реформаларды іске асырудағы азаматтық қоғамның рөлін ерекше атап өтті.

«АӨДА» ККО отырысына қатысушылар ақпаратқа қол жеткізу құқығы, мемлекеттік органдардың қызметінде жариялылықты қамтамасыз ету және жеке өмірді құқықты қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өткен президенттік және парламенттік сайлау аясында сайлау заңнамасын, институттар мен рәсімдерді реформалау мәселелерін талқылады.

Күн тәртібін талқылау ашық және сындарлы сипатта болды, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның одан әрі бірлескен жұмысы үшін ұсынымдар пакеті әзірленді.

Қорытындылай келе, «АӨДА» ККО қатысушылары іс-шараны қорытындылады және «АӨДА» ККО келесі отырысын 2023 жылдың қарашасына жоспарлады.

Өзгелердің жаңалығы