Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстан СІМ басшысын Реджеп Ердоған қабылдады

Бүгiн, 21:03
120
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Анкараға ресми сапары аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанның қабылдауында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сұхбат барысында Р.Т.Ердоған екіжақты ынтымақтастықтың кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейінде қарқынды дамып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтіп, екі ел арасындағы көпжоспарлы өзара іс-қимылды жан-жақты дамытудың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Өз кезегінде Е.Көшербаев Түркия көшбасшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемі мен ықыласқа толы ниеттестігін жеткізіп, жоғары және биік деңгейдегі уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы туралы хабардар етті.

Тараптар бауырластыққа және берік достыққа негізделген қазақ-түрік қатынастарын одан әрі нығайту жолдары мен әлеуетін талқылады. Қазақстан мен Түркияның халықаралық ұйымдарда, оның ішінде түркі интеграциясы шеңберінде өзара сенім мен қолдау рухындағы әрекеті, сондай-ақ жаһандық және өңірлік мәселелер бойынша қөзқарастарының ұқсастығы жоғары бағаланды.

Өзгелердің жаңалығы