«Қазақстан» шахтасындағы жұмыс жалғасып жатыр – ТЖМ

20 Тамыз 2023, 12:10
540
Бөлісу:
«Қазақстан» шахтасындағы жұмыс жалғасып жатыр – ТЖМ
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

«Қазақстан» шахтасындағы жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

01 сағат 23 минутта соңғы қаза тапқан тау-кен жұмысшысының денесі жер бетіне көтерілді.

Қазір тау-кен құтқарушыларының негізгі күш-жігері Д-6 көмір конвейерінің еңісіндегі қалған өрт ошақтарын сөндіруге бағытталған. Жұмыстарға тау-кен құтқарушыларының екі бөлімшесі жұмылдырылған.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов авариялық жұмыстарын жүргізу барысын одан әрі бақылауда.

Атап айтқанда, ол КӘАҚҚ РШО басшылығының жұмыс барысы туралы баяндамалары тыңдалды, үздіксіз түтін, нөлдік көріну, көптеген өрт ошақтары, үлкен тереңдіктегі қазбалардағы жоғары температура жағдайында жүргізілетін жұмыстардың төтенше қаупі атап өтілді.

Осыған байланысты ТЖ министрі іздестіру жұмыстарын тиімді жүргізгені үшін КӘАҚҚ РШО басшылығы мен жеке құрамына алғысын білдірді және жеке құрамның қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, қалған өрт ошақтарын жоюды қамтамасыз ету міндетін қойды.

Өзгелердің жаңалығы