Қазақстанның соңғы жаңалықтары

«Қазақстан» шахтасына қасақана өрт қойылғаны рас па

21 Тамыз 2023, 16:27
921
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Кейбір ақпарат агенттіктері мен әлеуметтік желілерде Қарағанды облысының полиция департаментіне сілтеме жасай отырып «Қазақстан» шахтасы қасақана өртелді деген мәлімет тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Қазіргі кезде тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, өрттің себебін анықтайтын сараптамалар тағайындалды.

Облыс тұрғындарынан ықтимал қауесет пен арандатушылыққа берілмеуін, тек ресми ақпаратқа жүгінуін сұраймыз, - деп ескертті ведомстводан.

Өзгелердің жаңалығы