Қазақстан шахматшылары әлем чемпионатының финалына шықты

11 Қыркүйек 2023, 12:49
753
Бөлісу:
Қазақстан шахматшылары әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: fide.com

Қазақстан шахматтан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық шахматшы қыздар жартылай финалда Франциямен ойнап, жеңіске жетті.

Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова және Әмина Қайырбековалар бар.

Енді финалда олар АҚШ-ты жеңген Грузиямен кездеседі. Матч 11 қыркүйек күні сағат 18:00-де өтеді.

Шахматтан 2023 жылғы командалық әлем чемпионаты Польшаның Быдгощ қаласында өтіп жатқанын еске сала кетейік. Онда 12 команда бақ сынауда.

Турнир 2007 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бірақ Қазақстан бұған дейін ширек финалдан әрі асып көрген емес.

Өзгелердің жаңалығы