Қазақстанның Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Алматының оңтүстік-шығысында кезекті дүмпулерді тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Сейсмологтар оның афтер дүмпу екенін байқады.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,9.
- Магнитудасы - MPV 5.3.
- Тереңдігі - 5 км.
- Қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан аумағында сезілу жоқ
Бұл - біздің сейсмологтар кейінгі 2,5 тәулікте тіркеген алғашқы жер сілкінісі. Бұған дейінгі дүмпулер 1 ақпан күні сағат 01:21-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 252 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Магнитудасы - 4,6 болды. Ол Қазақстанда сезілмеді.