«Қазақстан санкцияларды айналып өтетін юрисдикция» болмайды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қуантыров Ресейге санкцияларды айналып өтетін миллиардтаған долларлық тауарлар, оның ішінде Қазақстан арқылы да өтетін тауарларды тергеу жайлы пікір білдірді.
Біз санкцияларды айналып өтетін аумақ, юрисдикция болмайтынымызды ашық мәлімдейміз. Иә, біз ең ірі серіктестерімізбен сауда жасаймыз, бірақ санкцияланған тауарлармен емес. Олар біздің елде өнімді экспорттауға белгілі бір тыйым салынғанын және т.б. біледі. Біз санкцияға ұшыраған елдермен де, осы санкцияларды енгізіп жатқандармен де сындарлы диалог жүргізіп жатырмыз. Бәріне «бізде география осындай» екенін, олар санкция салса, біз зардап шегетінімізді айтамыз, - дейді Ұлттық экономика министрлігінің басшысы брифинте.
Қуантыров серіктестерді зардап шегіп, шығын болмас үшін бірге жұмыс істеуге шақыратынын айтып, одан әрі дамуымыз керегін жеткізді.
Еске салсақ, министр болашағы жоқ ауылдарға қатысты пікір білдірген болатын. Қытай Қазақстаннан экспортталатын кез келген өнімді тұтынуға дайын екенін хабарлаған болатынбыз.