Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің ынтымақтастық форумы өтті

24 Сәуір 2022, 12:00
2369
Бөлісу:
Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің ынтымақтастық форумы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Қазақстан, Ресей және Өзбекстан арасындағы үшжақты ынтымақтастықтың халықаралық форумы өтті.

Алматыда Қазақстан, Ресей және Өзбекстан арасындағы үшжақты ынтымақтастықтың халықаралық форумы өтті. Іс-шараға жастар саясаты саласындағы жетекші мемлекеттік және ғылыми институттардың сарапшылары, сондай-ақ қаланың белсенді жастары қатысты.

Бұл форум жыл сайын үшжақты стратегиялық әріптестік аясында өтті. 

Форум жұмысы барысында ұйымдастырушы елдердің тиімді халықаралық өзара іс-қимылының көп жылдық тәжірибесіне негізделген даму мен ынтымақтастықтың жаңа бағыттары айқындалды. Тараптар жастарды қолдауға және оның әлеуетін сындарлы іске асыруға бағытталған зерттеулер, білім беру және жобаларды іске асыру саласында тәжірибе алмасуға өзара келісім мен дайындығын білдірді, - делінген хабарламада.

Форум аясында тақырыптық пікірталас алаңдары өткізіліп, онда жастарды әлеуметтендіру мәселелері мен жастар ортасындағы заманауи трендтер талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы