Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пунктінде уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін

8 Қазан 2024, 18:32
368
Бөлісу:
Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пунктінде уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанмен іргелес Саратов облысындағы «Озинки» автомобиль өткізу бекетінде – Тасқала өткізу пунктінде жүк тасымалы жолағындағы жол төсеміне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетінін ескертті. Соған байланысты шектеулер болуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жөндеу жұмыстарына байланысты өткізу пунктінде шектеулер болуы мүмкін. Жөндеу жұмыстарының аяқталуының болжамды мерзімі - 2024 жылдың 31 қазанына дейін. «Тасқала» автомобиль өткізу пункті арқылы мемлекеттік шекараның Қазақстан-Ресей учаскесін кесіп өтуді жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеру керек, - деді Мемлекеттік кірістер комитеті.

Өзгелердің жаңалығы