Қазақстан-Ресей сараптама кеңесі құрылуы мүмкін

26 Қыркүйек 2022, 20:18
777
Бөлісу:
Қазақстан-Ресей сараптама кеңесі құрылуы мүмкін

Президент жанындағы ҚСЗИ мен РҒА ӘЭХҚИ  басшылығы арасында кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу әлемдік саясат пен өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне, екі жақты қарым-қатынастың перспективаларына, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы сараптамалық диалогты одан әрі кеңейтуге арналды. 

Президент жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов екі тараптың алдыңғы қатардағы талдамалық орталығы арасындағы қарым-қатынасты дамытудың және Қазақстан-Ресей сараптама кеңесін құру маңыздылығын баса айтты. 

Талқылау барысында РҒА ӘЭХҚИ директоры Федор Войтоловский ғылыми-зерттеу саласындағы болжау мен ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейіне шығу өзектілігін атап өтті. 

Жалпы кездесудің қатысушылары екі жақты қарым-қатынастың оң қарқыны және Қазақстан мен Ресейдің одан арғы ынтымақтастығының перспективаларын атап өтті. Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Ресейдің  талдамалық орталықтары арасындағы қарым-қатынасты нығайту туралы бітімге келді. 

Өзгелердің жаңалығы