Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Руслан Каратабанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еліміздің оңтүстігінде, сондай-ақ шекаралас Ресей аймақтарында Қазақстан-Ресей мектептерінің ашылуы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қадамдардың бірі. Екі немесе одан да көп тілдерді үйрену, сондай-ақ әртүрлі тілдерде пәндерді оқыту тілдік құзыреттілікті, мәдениетаралық өзара іс-қимылды дамытудың тиімді тәсілі, - дейді маман.
Ол сонымен қатар көптілді білім беруді дамыту мемлекеттік білім беру стандартында көрініс табатынын айтты.
Онда кемінде үш тілді меңгерген, әртүрлі қызмет салаларында табысты диалог жүргізе алатын, өз халқының мәдениетін бағалайтын, басқа халықтардың мәдениетін түсінетін және құрметтейтін Қазақстан азаматы – көптілді тұлға қалыптасады, - деді Қаратабанов.
Ұлттық білім академиясының вице-президенті Ресей өзінің тарихи және геосаяси маңыздылығына байланысты Қазақстанның стратегиялық серіктесі екеніне де тоқталып өтті.
Екі мемлекеттің тарихи қауымдастығының, гуманитарлық және мәдени байланыстарының маңызы зор. Біздің елдер арасындағы шекара – әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы. Сондықтан екі ел де экономикалық, саяси және әлеуметтік байланыстарды нығайту үшін екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екені заңды, - деп түйіндеді ол.