Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының отырысы өтті

8 Қазан 2022, 22:33
1612
Бөлісу:
Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының отырысы өтті

2022 жылғы 3-7 қазанда Алматы қаласында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз жиырма екінші отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын қарастыруды және бекітуді жалғастырды, 2023 жылға арналған камералдық жұмыстар жоспарын бекітті, сондай-ақ алдағы жылы далалық жұмыстар жоспарын талқылады.

Комиссияның келесі отырысы 2022 жылдың қарашасында Ресей Федерациясының аумағында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы