Қазақстан-Қытай шекарасы штаттық режимде жұмыс істейді – Кірістер комитеті

21 Қаңтар 2022, 10:18
1492
Бөлісу:
Қазақстан-Қытай шекарасы штаттық режимде жұмыс істейді – Кірістер комитеті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан-қытай шекарасындағы жүргізіліп жатқан тексерулер тауарларды кедендік шекара арқылы заңды түрде өткізуге кедергі келтірмейді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

 

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде  Бас прокуратура, Қаржы мониторингі агенттігі және Қаржы министрлігі өкілдерінен арнайы құрылған жұмыс тобы қазақстан-қытай шекарасында тексерулерді жүргізуде. 

Тексеру тек қана уәкілетті экономикалық операторлар мәртебесі бар импорттаушыларға қатысты жүзеге асырылады.

Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шаралар қабылданатын болады.

Жүргізіліп жатқан тексерулер тауарларды кедендік шекара арқылы заңды түрде өткізуге кедергі келтірмейді және адал бизнес сыртқы экономикалық қызметті шектеусіз жүзеге асырады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша нарықта ҚХР-мен импорттық операцияларды жүзеге асыратын 7241 сыртқы экономикалық қызметке  қатысушылар жұмыс істейді, оның ішінде 17 субъекті УЭО болып табылады, оларға импорттың барлық көлемінің 18% тиесілі. Бұл ретте 5 УЭО – өз мұқтаждары үшін өнімдерді импорттайтын өндірістік сектор және 2 УЭО квазимемлекеттік сектор («Қазпочта» АҚ және «ҚТЖ» АҚ еншілес ұйымы – «KTZ Express» АҚ), - делінген ақпаратта.

Атап айтқанда, сондай-ақ «KTZ Express» АҚ кедендік өкіл және халықаралық экспедитор болып табылады, қазақстан-қытай шекарасында өзіндік инфрақұрылымы бар. Орталық Азиядағы ең ірі «KTZE-Khorgos Gateway» құрғақ портымен жұмыс істейді, сондай-ақ KIF Warehouses А сыныпты қойма бөлмелеріне ие. Оператордың басты артықшылығы – тапсырыс берушілер үшін де, фискалдық органдар үшін де ашық қызметі. 

Жалпы қазақстан-қытай шекарасындағы өткізу пункттері мен тауарларды кедендік тазартудың өзге де орындары белгіленген жұмыс режиміне сәйкес қызмет жасауын жалғастыруда.

 

Өзгелердің жаңалығы