Қазақстан-Қытай білікті техникалық мамандарды бірлесіп дайындайтын болады

4 Наурыз 2023, 17:50
1144
Бөлісу:
Қазақстан-Қытай білікті техникалық мамандарды бірлесіп дайындайтын болады
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Тараптар озық Қытай технологиялары мен жабдықтарын пайдалана отырып, машина жасау саласындағы техникалық мамандарды бірлесіп даярлау жөніндегі бағдарламаны іс жүзінде іске асыруға уағдаласты, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің жәрдемдесуімен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Тяньцзинь кәсіби университеты арасында Қазақстанда «Лу Бань шеберханасын» құру мәселесі бойынша ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар озық Қытай технологиялары мен жабдықтарын пайдалана отырып, машина жасау саласындағы техникалық мамандарды бірлесіп даярлау жөніндегі бағдарламаны іс жүзінде іске асыруға уағдаласты. Келешекте электрокөліктер, ЗD-басып шығару, өндірісті автоматтандыру және т.б. сияқты салаларда ынтымақтастық бағыттарын кеңейту көзделген.

«Лу Бань шеберханасы» жобасын іске асыру Қазақстанның кәсіби техникалық кадрлардағы қажеттілігін толықтыруға ықпал етеді.

Бұл жоба 2022 жылғы Қазақстан мен Қытай мемлекеттер басшыларының уағдаластықтары шеңберінде іске асырылуда.

«Лу Бань шеберханасы» - Қытайдың кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық жобасы. 2,5 мың жыл бұрын өмір сүрген Қытайдың әйгілі шебері және өнертапқышы Лу Бань есімімен аталады. Жобаның мақсаты кәсіптік-техникалық білім беру орталықтарын бірлесіп құру жолымен шетелдік техникалық оқу орындарына білікті кадрлар даярлауға жәрдемдесу болып табылады. Бүгінгі таңда әлемнің 21 елінде 26 «Лу Бань шеберханасы» жұмыс істейді. 

Өзгелердің жаңалығы