Ұлттық құрама спортшысы Жанна Мамажанова Роттердамдағы марафонда Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жанна жарыс жолын 2 сағат, 26 минут 42 секундта бағындырып, Қазақстан рекордын тіркеді.
Айта кетейік, 13-14 сәуір аралығында өткен бұл марафонға 17 мыңнан астам адам қатысты
Қазір Қазақстан делегациясында 12 спорт түрінен 32 лицензия (30 спортшы) бар.