Қазақстан құрамасы шешуші матчын өткізу үшін Люблянаға ұшып барды

19 Қараша 2023, 18:18
610
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы шешуші матчын өткізу үшін Люблянаға ұшып барды
Фото: instagram.com/kff_team

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Словенияға қарсы Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі маңызды әрі шешуші матчын өткізу Словения астанасы Любляна қаласына ұшып барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан футбол федерациясы Instagram-дағы парақшасында команда ойыншыларының Люблянаға жеткен сәтінен суреттер жариялады.

Шешуші кездесу 20 қарашадан 21-іне қараған түні Астана уақытымен 01:45-те "Стожице" стадионында өтеді. Жеңіске жеткен жағдайда, ұлттық құрама өз тарихында алғаш рет футболдан Еуропа чемпионатына жолдама алады.

Мұның алдында Қазақстан құрамасы Сан-Марино командасын 3:1 есебімен ұтқан болатын. Словения алдыңғы кездесуде даниялықтардан 2:1 есебімен ұтылып, біздің құрамаға Еуропа чемпионатының жолдамасын сарапқа салуға мүмкіндік беріп отыр.

Өзгелердің жаңалығы