Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты

Бүгiн, 00:10
131
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты
Фото: скрин

Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан құрамасының ту ұстаушылары боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова, - деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитетінен.

Сондай-ақ ҰОК Париждегі Олимпиадаға біздің спортшылармен бірге 67 жаттықтырушы мен 15 дәрігер арнайы келгенін хабарлады. Сонымен қатар, делегация құрамында 16 спарринг серіктес болды. Олар біздің спортшыларға ойындарға дайындалып, өнер көрсетуге көмектеседі.

Қазақстаннан барлығы 79 спортшы алдағы ойындарға жолдама алып, спорттың 25 түрінен өнер көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы