Қазақстан құрамасы биатл мен триатлдан әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды

3 Қараша 2023, 04:29
520
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы биатл мен триатлдан әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды
Фото: instagram.com/drs_kz

Нуса-Дуа қаласында (Индонезия) биатл мен триатлдан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Мұнда 34 елдің 700 атлеті төрт күн бойы өзара шеберлік байқасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Биатлдан аралас эстафетада 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында қазақстандық Әнел Исабаева мен Никита Дубинский чемпион атанды.

Сондай-ақ 17 жасқа дейінгілер сынында Юлиана Петрова мен Алмас Савет мәреге үшінші болып келді.

Әлем чемпионаты 5 қарашада мәресіне жетеді.

Өзгелердің жаңалығы