Қазақстан Қорғаныс министрі армениялық әріптесімен кездесті

23 Қаңтар 2024, 21:55
361
Бөлісу:
Қазақстан Қорғаныс министрі армениялық әріптесімен кездесті
Фото: Қорғаныс министрлігінен

Астанаға Армения Қорғаныс министрі Сурен Папикян бастаған делегация ресми сапармен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шетелдік делегация «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Кеңейтілген форматтағы кездесуде тараптар қорғаныс ведомстволары қызметіндегі өзара мүдделі перспективалық бағыттарды талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан мен Армения Қорғаныс министрліктері арасындағы 2024 жылға арналған екіжақты ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

Сіздерді қазақ жерінде қарсы алғаныма қуаныштымын. Бұл сапар Қазақстан мен Армения қарым-қатынасын дамытуға жаңа серпін беріп, екі елдің ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге қызмет етеді деп ойлаймын, – деп атап өтті генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Армения қорғаныс ведомствосының делегациясы ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде болды.

Сапар бағдарламасына сәйкес меймандар Ақмола облысының Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде болып, оқу-материалдық базасымен таныспақ.

Өзгелердің жаңалығы