Қазақстан-Қатар. Қандай сауда-саттық келісімі болуы мүмкін? Министр жауабы

12 Қазан 2022, 10:05
1637
Бөлісу:
Қазақстан-Қатар. Қандай сауда-саттық келісімі болуы мүмкін? Министр жауабы

Қазақстан мен Катар сауда саласында қандай келісімідерге келеді. Сауда және интеграция министрі жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы, Катар Парсы шығанағындағы өте күрделі мемлекет. Бірінші кезекте, өте бай ел. Біздің Катармен  қарым-қатынасымыз бұрыннан жақсы деңгейде келеді. Бүгін  мемлекеттер екі шартқа қол қояды. Олар біріншіден, метрологиялық сертификация, екіншіден, сауда-экономикалық ынтмақтастық туралы келісімдер. Бұл екі елдің сауда байланысына құықтық база қалыптастырып, жол ашатын болады, - деді Сауда министрі.

Министр Қазақстан мен Катар арасындағы тауар айналымы төмен екенін атап өтті.

Бүгінгі таңда сауда тек 3 млн долларға жетіп отыр. Бірақ біздің есебіміз бойынша экспорт көлемін 70 млн долларға дейін арттыруға болады,  - деді Жұманғарин. 
 

 

Сондай-ақ Серік Жұманғариннің айтуынша, Катарда Қазақстанға инвестиция салуға ниетті Hassad Food, Baladna атты агро корпорациялар бар. 
 

Олар бізден қой етін алуға, қар мал өсіруге және сол бағытта инвестиция салуға дайын. Қаржы саласында да біраз жұмыстар жасалып отыр. Екі ел арасындағы ынтымақтастық көп бағытта дамып отыр. Қазіргі таңда бұл байланысты нақты тауар айналымдарына аудару керек, – деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы