Қазақстан қаржыгерлерінің ХІ конгресі басталды

15 Қараша 2023, 10:55
355
Бөлісу:
Қазақстан қаржыгерлерінің ХІ конгресі басталды
Фото: Ұлттық банк

Алматыда Ұлттық валюта – теңге күніне орай «Теңге: әлемдік нарықтарға апаратын жол» атауымен Қазақстан қаржыгерлерінің ХІ конгресі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Ұлттық Банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы ұйымдастыруымен өтіп жатқан іс-шараға шетелдің орталық банктері мен қаржы институттарының басшылары, еліміздің мемлекеттік органдары мен қаржы ұйымдарының өкілдері қатысып жатыр.

Пленаралық отырыста Инновация тұрақты дамудың негізі ретінде. Қаржы нарықтарының жаһандық өзгеруі, Цифрлық иммунитет: нарықтардың цифрлық трансформациясы жағдайындағы қаржы секторының кибер тұрақтылығы, Қаржылық қолжетімділік: әдістер, шектеулер, бенефициарлар сынды тақырып аясында өзекті мәселелер талқыланады.

Өзгелердің жаңалығы