Қазақстан Қарулы күштерінде қорытынды сынақтар басталды

5 Қазан 2022, 22:31
1075
Бөлісу:
Қазақстан Қарулы күштерінде қорытынды сынақтар басталды

Қазақстан Қарулы күштерінің құрамалары мен бөлімдерінде 2022 оқу жылына қорытынды тексеру жүргізіліп жатыр. Аталған шара барысында әрбір әскери қызметшінің кәсіби деңгейі бағаланатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорытынды сынақтардың мақсаты әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының нақты жай-күйі мен жеке құрамның даярлық деңгейін айқындау, сондай-ақ командирлерге күнделікті және оқу-жауынгерлік қызметті ұйымдастыру бойынша жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіруде практикалық көмек көрсету болып табылады. Бас штабтың, әскер түрлері бас қолбасшыларының, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері қолбасшыларының, әскери бөлім командирлерінің комиссиялары қазан айында барлық бөлімшелерді тексерістен өткізетін болады.

Тексеру барысында жеке құрамның жауынгерлік дағдысының деңгейі, бөлімшелердің үйлесімділігі, жауынгерлік әзірліктің жай-күйі айқындалады. Қару-жарақ пен әскери техниканың жарамдылығы да тексеріледі. Тәрбие жұмысының, құқықтық және әскери тәртіптің,сондай-ақ әскери қызметтің қауіпсіздік жағдайы зерделенеді. Осы көрсеткіштер бойынша бағыныстағы әскерлерді басқарудың тиімділігін нақты бағалауға болады, – деп атап өтті теңіз жаяу әскерлері құрамасын тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы полковник Андрей Никифоров.

Әскери қызметшілер тактикалық, арнайы, атыс, саптық, дене шынықтыру дайындығын, жауынгерлік машиналар мен автомобиль техникасын жүргізу, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, әскери топографияны қамтитын жауынгерлік оқудың негізгі пәндерінен сынақтар тапсырады. Офицерлер құрамының кәсіби дайындығына да айрықша назар аударылмақ.

Өзгелердің жаңалығы