Қазақстан Президенті БҰҰ-ның Жарғысын жаңғыртуды әрі реформалауды ұсынды

20 Қыркүйек 2022, 23:44
1259
Бөлісу:
Қазақстан Президенті БҰҰ-ның Жарғысын жаңғыртуды әрі реформалауды ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебатындағы сөзінде БҰҰ-ның негізін қалаушы мемлекеттер Ұйымының Жарғысына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыдан 77 жыл бұрын БҰҰ-ның негізін қалаушы мемлекеттер Ұйымның Жарғысына халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын енгізді. Бұл ережелер осы уақыт аралығында біздің қызметімізді тиімді реттеп келді. Қазір осы әмбебап Ұйымның негізінде қалыптасқан іргелі қағидаттарға қайта оралу аса маңызды. Атап айтқанда,  біз мемлекеттер егемендігінің теңдігі, мемлекеттердің территориялық тұтастығы, мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі секілді бастапқы үш қағидат арасындағы байланысты қайта зерделеуіміз қажет. Бұл үш қағидат өзара бір-біріне тәуелді. Осы қағидаттардың бірін сақтау қалған екеуін ұстануды білдіреді. Ал олардың бірін бұзу, басқа екеуін бұзған болып саналады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент дәстүрлі және ядролық қарусызданудың жаһандық жүйесі әлсіреген кезде аталған үш қағидатқа қауіп төнетінін жеткізді.

Керісінше, үш қағидаттың түгел сақталуы олардың күшеюіне ықпал етеді. Бұл қағидаттар бірге кеңейтілген мемлекетаралық ынтымақтастықтың келесі үш деңгейіне негіз болады: субөңірлік, өңірлік және жаһандық. Бұл адамзат үшін пайдалы, - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

 

Өзгелердің жаңалығы