Қазақстан Паралимиаданы 17-ші орынмен аяқтады

13 Наурыз 2022, 17:42
1519
Бөлісу:
Қазақстан Паралимиаданы 17-ші орынмен аяқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Бейжіңдегі Паралимиаданың жабылу салтанаты өтеді. Қазақстан құрамасы бұл әлемдік бәсекені бір қола медальмен аяқтады, деп хабарлайды prosports.kz.

Қорытынды медальдік есепте Қазақстан Австралия және Швейцария құрамаларымен 17-ші орынды бөлісті (барлығында бір қоладан).

Әлемдік додада Қытай командасы көшбастаса, украиндықтар ІІ-орынды еншіледі. Ал Канада ТОП-3-ті түйіндейді.

Қазақстан үшін жалғыз қола медальді парабиатлонда Александр Герлиц сыйлады. Сонымен қатар спортшы парабиатлондық және паралимпиадалық жарыстарда, сондай-ақ эстафетада үш рет бесінші орынға ие болды.

Бейжіңдегі ойындарда Қазақстан атынан бес спортшы қатысты. Олар: Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Ербол Хамитов, Денис Петренко, Юрий Березин.

Өзгелердің жаңалығы