Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті

19 Наурыз 2022, 12:41
1207
Бөлісу:
Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 14-18 наурыз аралығында Ташкент қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын тексеруді және келісуді жалғастырды.

Комиссияның келесі отырысы 2022 жылғы 4-8 сәуірде Қазақстан Республикасының аумағында жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы