Қазақстан неге ТМД ынтымақтастығын кеңейтуге мүдделі?

28 Қазан 2022, 13:53
1421
Бөлісу:
Қазақстан неге ТМД ынтымақтастығын кеңейтуге мүдделі?

Еліміз неге ТМД аясындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі? Бұл жөнінде ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Былтыр ТМД 30 жылдық мерейтойын атап өтіп, бүгінде Достастық дамудың жаңа кезеңіне келіп отырмыз. Осы жылдар ішінде ұйым өзінің қажеттілігін дәлелдеп, елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынастың берік іргетасына айналды. Көпқырлы ынтымақтастық өзара сенім, прагматизм және мүдделер теңгерімін сақтау қағидаттарын ескере отырып құрылған, - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы ТМД аясында туындайтын проблемаларға бірлесіп ден қою шаралары тізбесінің маңызын атап өтті. Ол өзара инвестицияларды ынталандыруды, өнеркәсіп кооперациясын тереңдетуді, кедендік реттеуді жеңілдетуді, жаңа логистикалық тізбектерді қалыптастыруды және цифрлық технологияларды енгізуді көздейді.

Мұндай өзара іс-қимыл әлемдік экономикада болып жатқан жағымсыз үрдістерді төмендетуге мүмкіндік беріп, өзара тиімді әріптестікті дамытуға ықпал ететінді. Ұйым аясында қабылданған іс-шаралардың арқасында білім беру, медициналық-әлеуметтік, азаматтық-құқықтық сипаттағы көптеген мәселе сәтті шешілді. Азаматтарымыздың Достастық мемлекеттері арасында визасыз жүріп-тұру мүмкіндігі бар. Қазақстан ТМД-ның белсенді қатысушыларының бірі ретінде ынтымақтастықты кеңейтуге, әлеуетті нығайтуға және оның мүмкіндіктерін ашуға мүдделі, - деді Премьер-Министр.

Өзгелердің жаңалығы