"Қазақстан мұғалімі" атанған педагогке 20 млн теңге беріледі

10 Мамыр 2024, 12:03
11756
Бөлісу:
"Қазақстан мұғалімі" атанған педагогке 20 млн теңге беріледі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

"Қазақстан мұғалімі" 2024 ұлттық сыйлығына (National Teacher Prize Kazakhstan) қатысуға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл бірегей іс-шара мұғалімдердің көрнекті жетістіктерін атап өтіп қана қоймай, сонымен қатар бүкіл Қазақстан бойынша оқытудағы шығармашылық әлеуетті ынталандыруға, жаңа құзыреттер мен мүмкіндіктерді қалыптастыруға арналған.

Кім қатыса алады?

Бастауыш және орта мектептің мұғалімдері сыйлыққа қатысып, еліміздің үздік мұғалімдерінің қатарына қосылу мүмкіндігіне ие бола алады. Үздіктердің үздігі, ТОП-10 мұғалім әлемдік деңгейге өтіп, "Әлем мұғалімі" жаһандық сыйлығына үміткер болады. Үздік мұғалімдер жаһандық сыйлықтың бас жүлде қоры – 1 миллион долларға таласады.

Өтінішті қашан және қалай беруге болады?

Өтініш беру 2024 жылғы 22 сәуірден 22 маусымға дейін ашық болады. Қатысу үшін әрбір үміткер https://www.teachers-summit.org сайтында өтінім формасын толтырып, бейнеролик және шығармашылық эссе бекітуі керек. Сондай-ақ комиссияның іріктеуінен өту үшін қатысушылар келесі шарттарға сай болуы керек:

  • кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • алдағы 5 жыл ішінде оқытушылық қызметте қалуды жоспарлау;
  • 5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға сабақ беретін мұғалім болу,
  • Балаларды бетпе-бет оқытуға аптасына кемінде 10 сағат жұмсау;
  • осыған дейін Сыйлық жеңімпазы болмау;
  • осыған дейін Сыйлықтың ТОП-10 финалист қатарында болмау.

Бұған дейін қазақстандық ұстаздар әлемнің ТОП-50 мұғалімінің қатарына екі мәрте енген болатын, енді еліміз межені бұдан да жоғары көтеруге дайын. Биылғы жүлде қоры рекордтық 20 миллион теңгені құрап, бұл шараның маңызы мен мәнін айқындайды.

Іс-шараның серіктесі "Әлем мұғалімі" жаһандық сыйлығын ұйымдастырушы - Варке қоры. Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті - Премьер-министрі және Дубай әмірі Мәртебелі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның бақылауымен өтетін бұл шара ынтымақтастық пен білім берудегі негізгі алаңға айналып келеді. Иорданияның Мәртебелі патшайымы Рания Аль Абдулла, Билл Гейтс, Билл Клинтон, Тони Блэр секілді әлемдік тұлғалардың қолдауы шараның маңыздылығын дәлелдейді.

"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығы қандай сыйлық?

"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығы "Әлем мұғалімі" жаһандық сыйлығының бір бөлігі және білім беру мен қоғамға айтарлықтай үлес қосып жүрген мұғалімдердің көрнекті жетістерін айшықтауға арналған. Ұйымдастырушылар іріктеу кезеңінің және аудиторлық компанияның бағалау үдерісінің ашықтығын бақылауды қамтамасыз етеді.

Сыйлықтың биылғы басты ұйымдастырушысы Inclusive Development Foundation (Инклюзивті даму қоры) корпоративтік қоры.

Inclusive Development Foundation дамушы елдердегі адами капитал мен білім сапасын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Ол сондай-ақ халықаралық сарапшыларды шақырып, ашық диалогты ілгерілете отырып Nobel Fest, Teachers’ Summit және New Vision секілді ауқымды білім беру мен ғылыми-инновациялық жобаларды ұйымдастырушысы.

2023 жылы Астанада алғаш рет Нобель фестивалі аясында «Білім беруді жаңарту» атауымен мұғалімдердің бірінші саммитіөткен болатын. Оған 2 мыңнан астам мұғалім қатысып, «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығының жеңімпаздары мен үміткерлерінің, сондай-ақ математика/STEM бойынша Lesson Study халықаралық сарапшылардың шеберлік сыныптарының арқасында практикалық дағдылар мен білім алды.

Өзгелердің жаңалығы