Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастық тереңдей түседі

4 Шілде 2023, 16:37
1266
Бөлісу:
Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастық тереңдей түседі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Тошиаки Эндоны қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің және парламентаралық ықпалдастықты нығайтудың өзекті мәселелері қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Тошиаки Эндоға ілтипат білдіре отырып, азаматтарымыздың жапон халқына құрметі ерекше екенін айтты. 

Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастық тереңдей түседі

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы сенімді қарым-қатынастың айрықша деңгейде екенін атап өтті. Сондай-ақ Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының өзара байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Қазақ-жапон қатынастары саласында экономикалық бағыт маңызды рөл атқарады. 

Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастық тереңдей түседі

Президент сауда және инвестициялық іс-әрекеттердің мол мүмкіндігіне назар аударып, еліміздің экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге 8 миллиард доллар инвестиция құйған Жапония Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторларының ондығына кіретініне назар аударды. 

Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастық тереңдей түседі

Сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жеткенін атап өтіп, бұл көрсеткішті одан әрі арттыру үшін мол әлеует бар екенін жеткізді. Тошиаки Эндо кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Жапония Премьер-министрі Фумио Кисиданың жолдаған хатын табыстады. Парламенттік достық лигасының төрағасы Жапония Парламентінің барлық сала бойынша Қазақстанмен өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге дайын екенін растады.

Өзгелердің жаңалығы