Қазақстан мен Түркия білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

8 Ақпан 2024, 05:15
357
Бөлісу:
Қазақстан мен Түркия білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Фото: gov.kz

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркияның Ұлттық білім министрі Юсуф Текинмен кездесіп, білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Түрік министрі Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, білім бағытындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Елші бұл салада мұғалімдердің біліктілігін арттыру, білім бағдармаларын жүзеге асыру, семинар мен іс-шаралар өткізу арқылы тәжірибе алмасу маңыздылығына назар аударып, бірлескен жұмыс жоспарларын әзірлеуге шақырды.

Сонымен қатар жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Газиантеп провинциясында мектеп салу жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы