Қазақстан мен Түрікменстан стратегиялық диалогты нығайтады

Кеше, 23:20
116
Бөлісу:
Қазақстан мен Түрікменстан стратегиялық диалогты нығайтады
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыртқы саяси ведомствоның мәліметінше, кездесу барысында қазақ-түрікмен ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелері, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық, транзит-көліктік, энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды.

Тараптар достық, тату көршілік және өзара құрмет рухындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейілділігін ерекше атап өтті.

Қазақстан мен Түрікменстанның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары 2024 жылғы қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ашхабадқа жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іс жүзінде іске асырылу барысын жан-жақты қарастырды. Парламентаралық және үкіметаралық байланыстарды нығайту бағытында одан әрі жәрдемдесу бойынша келісті.

Өзгелердің жаңалығы