Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы 1,4 млрд долларға жетті

3 Мамыр 2023, 11:57
1096
Бөлісу:
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы 1,4 млрд долларға жетті
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Тәжікстан Премьер-министрінің орынбасары Сулаймон Зиёзоданың қатысуымен Қазақстан мен Тәжікстан бизнес-форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бизнес-форумда сауда-экономикалық ынтымақтастық және бірлескен перспективалық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланып жатыр. Форумға 300-ден аса бизнес өкілдері қатысып жатыр.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы 1,4 млрд долларға жетті

Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 18,5 пайызға өсіп, 1,4 миллиард АҚШ долларын құраған. Қазақстандық экспорт 9,7%-ға өскен.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы 1,4 млрд долларға жетті

Бұл өсім келесі тауарларды жеткізудің ұлғаюына байланысты болғанын Серік Жұманғарин жеткізді.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы 1,4 млрд долларға жетті

Бидай – 29,3%-ға немесе 70,2 млн доллар (239,7-ден 309,9 млн долларға), маргарин – 7,6 рубльге өсті. Яғни, 15,7 млн ​​долларға (2,4 млн доллардан 18,1 млн долларға дейін), күнбағыс майы – 42,2%-ға немесе 13 млн долларға (30,8-ден 43,8 млн АҚШ долларына дейін) жетті. Тәжікстанның импорты да 37,9%-ға өсіп, 501,4 млн долларды құрады, - деді Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин.

Осылайша, бірінші тоқсанда Қазақстаннан Тәжікстанға экспорт 21,74 пайызға өсіп, 197,5 миллион долларды құраған.

Серік Жұманғариннің айтуынша, екі ел басшылары қойған мемлекеттер арасындағы тауар айналымын 1 миллиард долларға жеткізу міндеті сәтті орындалды. Қазақстанда экспорттың көлемі 877 млн долларға жетсе, Тәжікстанның импорт көлемі 501 млн долларға жетті.

Сонымен қатар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы жүктерді экспорттық-импорттық теміржол арқылы тасымалдау көлемі ұлғайғанын да байқауға болады. Өткен жылы 563,87 мың тоннаға жеткен. Бұл ретте жүк тасымалдау 66 пайызға артып, 288 653,5 тоннаны құраған.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы 1,4 млрд долларға жетті

Сондай-ақ еліміз былтырдан бастап Тәжікстанға көлік экспорттай бастады. Былтыр 50 көлік жөнелтілген.

2017-2018 жылдары Тәжікстанға JAC маркалы 147 бірлік және Peugeot маркалы 10 бірлік автомобиль жеткізілді. 2021 жылдың соңында «СарыарқаАвтоПром» ЖШС өндірген JAC брендінің қосымша 175 автокөлігін жеткізуге келісімшартқа қол қойылды, - деді Серік Жұманғарин.

Форум аясында 20-дан аса келісімшартқа қол қойылады.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы 1,4 млрд долларға жетті

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алу және топырақ құнарлығын сақтау қазіргі кезеңдегі негізгі мәселе. Осы орайда форумға экологиялық таза минералды фосфор тыңайтқыш өндіретін компанияның өкілі де қатысып жатыр.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы 1,4 млрд долларға жетті

Біздің компания Ақтөбе облысында орналасқан. Жер қойнауын пайдаланушымыз. Шикізатты қазып алып, өңдеп Орта Азия елінің зауыттарына тасымалдаймыз. Компанияда 30-ға жуық қызметкер бар. 16 техника жұмыс істейді. Өсімдіктеpмен фосфордың игерілу дәрежесі 95 %-ға жетті, - дейді "ТЕМИР СЕРВИС" ЖШС аймақтық директоры Серғазы Бекмұрат.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы 1,4 млрд долларға жетті

Форум аясында компанияға Тәжікстан тарапынан қызығушылық танытып жатыр.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы 1,4 млрд долларға жетті
Өзгелердің жаңалығы