Қазақстан мен Таиланд инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін қарастырды

22 Сәуір 2023, 14:00
1041
Бөлісу:
Қазақстан мен Таиланд инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін қарастырды
PHOTO
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Еліміздің Таиландтағы Елшісі Арман Исетов Таиландтың Инвестициялар кеңесінің бас хатшысы Нарит Тердстирасукдимен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстанның экономикалық артықшылықтары және шетелдік инвестицияларды қорғау бойынша үкімет беретін кепілдіктер туралы ақпарат тай тарапына жеткізілді. А. Исетов Қазақстандағы экономиканы дамытуға, оның ішінде нарыққа қатысушылар үшін әділ жағдай жасауға бағытталған саяси және экономикалық реформалар туралы айтып берді.

Қазақстан мен Таиланд инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін қарастырды

Тараптар Қазақстан мен Таиланд арасындағы экономикалық саладағы ынтымақтастықты тереңдету тетіктеріне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, екі ел арасындағы дәйекті өсіп келе жатқан тауар айналымы үкіметтік органдардан бизнес үшін өзара қолайлы жағдай жасау жөнінде неғұрлым батыл қадамдар жасауды талап ететіні атап өтілді.

Н. Тердстирасукди Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді және Таиландтың инвестициялар саласындағы қызметінің негізгі бағыттары туралы айтты.

Сонымен қатар 2023 жылғы 8-9 маусымда Қазақстанның елордасында өтетін Астана халықаралық форумы да талқыланды. 

Шетелдік үкіметтер, халықаралық ұйымдар мен кәсіпкерлер арасында диалог орнатуға арналған аталған алаңның маңыздылығы атап өтілді.

Өзгелердің жаңалығы