Қазақстан мен Ресейдің Энергетика министрлері кездесті

21 Желтоқсан 2021, 10:13
1295
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресейдің Энергетика министрлері кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеуде Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресей Федерациясының Энергетика министрі Николай Шульгиновпен кездесті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметін хабарлады.

Кездесу барысында энергетикалық ведомстволардың басшылары Қазақстан мен Ресейдің газ, мұнай өнеркәсібі және электр энергетикасы салаларындағы екіжақты ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін талқылады. 

Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ мен «Газпром» ЖАҚ арасында осыған дейін құрылған бірлескен жұмыс тобының аясында Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру, оның ішінде қажетті қосымша газ көлемі мәселелері талқылануда. 

Алдағы уақытта тараптар жобаны бағалау, газды тұтыну құрылымы мен көлемдерін, сондай-ақ газ құбырларын тарту құны мен бағыттарын анықтауы тиіс. 

Электр энергетикасы мәселелерінде ведомстволардың басшылары Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесі қуатының сальдо-ағындарының жоспарлы мәндерден ауытқуларына байланысты ахуалды реттеу жөніндегі бірлескен жұмыс тобы шеңберінде жұмысты жалғастыру жөнінде келісті. 

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Маминнің Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөздері барысында Қазақстан мен Ресей энергетика министрлері екі елдің энергетикалық ведомстволары арасында «Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік бағытында отын ретінде табиғи газ нарығын дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. 

Сонымен қатар жоба парниктік газдар шығарындыларын дәйекті түрде азайту және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу доктринасы негізінде Көлік секторын декарбонизациялау бойынша Париж және Глазго саммиттерінің мақсаттары мен міндеттерін қолдайды.

Өзгелердің жаңалығы