Қазақстан мен Ресей вакцина паспорттарын өзара тану мәселесі қарастырылып жатыр

12 Ақпан 2022, 14:02
1647
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей вакцина паспорттарын өзара тану мәселесі қарастырылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы вакцинация паспорттарын өзара тану мәселесін қарастыруда. 

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Қазақстан мен Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрліктері вакцинация паспорттарын өзара тану алгоритмін келісті. 

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі ресейлік әріптестерімен бірлесіп вакцинация туралы құжаттарды тану шарттары мен тәртібін, ақпараттық жүйелердің техникалық мүмкіндіктері мен жұмысын қарастырған болатын. 

Қазіргі уақытта COVID-19-дан вакцинацияланған және ауырып жазылған адамдар туралы мәліметтер алмасу бөлігінде ақпараттық жүйелердің интеграциясы жүріп жатыр.

Осы мәселе бойынша тараптар арасында түбегейлі келіспеушіліктер жоқ. 

Естеріңізге салатын жайт, Ресей Федерациясымен вакциналау паспорттарын өзара тану қажеттілігі мәселесі бірнеше рет жоғары деңгейде көтеріліп, Денсаулық сақтау министрлігі екіжақты тәртіпте, сондай-ақ ТМД, ЕАЭО алаңдарында талқыланды. 

Өзгелердің жаңалығы