Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

6 Қазан 2022, 19:03
658
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Мәскеуде екінші Каспий экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жай-күйін, өнеркәсіп және мұнай-газ салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Келіссөз қорытындысы бойынша Үкімет басшылары ынтымақтастықтың барлық басым бағыттары бойынша екіжақты байланыстарды нығайтуға дайын екендіктерін айтты.

Өзгелердің жаңалығы