Қазақстан мен Ресей көлік саласын цифрландыру бойынша меморандумға қол қойды

Құжат көлік саласын цифрландыру, ұшқышсыз технологияларды енгізу, сондай-ақ рұқсат беру рәсімдері мен тауарға қатысты құжаттарды электрондық форматқа көшіру бағытындағы бірлескен жұмысты қамтиды.

 Көлік министрлігі Бүгiн 2026, 09:12
Бүгiн 2026, 09:12
121
Фото: Көлік министрлігі

Санкт-Петербург қаласында өткен халықаралық көлік-логистика форумы аясында Қазақстан мен Ресей көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтатын маңызды құжатқа қол қойды.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі ұшқышсыз көлік және цифрлық технологияларды дамыту жөніндегі меморандумды бекітті.

Құжат көлік саласын цифрландыру, ұшқышсыз технологияларды енгізу, сондай-ақ рұқсат беру рәсімдері мен тауарға қатысты құжаттарды электрондық форматқа көшіру бағытындағы бірлескен жұмысты қамтиды, - деп хабарлады Көлік министрлігі.

Тараптар алдағы уақытта тәжірибе және ақпарат алмасуды күшейтіп, бірлескен іс-шаралар өткізуді, сондай-ақ заманауи цифрлық технологиялармен жұмыс істейтін мамандарды даярлауды жоспарлап отыр.

Наверх