Қазақстан мен Ресей басшыларының кездесуі барысында білім беру саласындағы ынтымақтастыққа баса мән берілді

10 Ақпан 2022, 20:00
1502
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей басшыларының кездесуі барысында білім беру саласындағы ынтымақтастыққа баса мән берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында білім беру саласындағы ынтымақтастыққа баса мән берілді. Инженерлік-техникалық саладағы жоғары білікті мамандардың тапшылығына байланысты Қазақстанда Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу және «Болашақ» бағдарламасы аясында Ресейде мамандар әзірлеу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Келіссөз қорытындысы бойынша білім беру, теміржол, цифрландыру, ғарышты игеру және атом энергетикасы салалары бойынша мамандар даярлауға қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды.

Қол қойылған құжаттар тізімі:

1.  Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ресей Федерациясы Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі арасындағы цифрландыру саласындағы тәжірибе алмасу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.

2.  Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Роскосмос» ғарыш қызметі мемлекеттік корпорациясы арасындағы Жерді қашықтан зондтау ғарыш аппараттарының деректерімен алмасу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.

3.  Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Росатом» атом энергиясы мемлекеттік корпорациясы (Ресей Федерациясы) арасындағы Қазақстан Республикасының атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қадрларды даярлау жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.

4.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

5.  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Трансмашхолдинг» АҚ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім.

6.  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен «Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті» федералдық мемлекеттік автономды жоғары оқу орны арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

7.  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен «МИСиС» Ұлттық технологиялық зерттеу университеті» федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі (Ресей Федерациясы) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

8.  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен «МИФИ» ұлттық ядролық зерттеу  университеті» федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі арасындағы өзара түсіністік туралы мемарандум.

9.  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен «Мәскеу физико-техникалық иниституты» федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

10.  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен «И.М.Губкин атындағы Ресей Мемлекеттік мұнай және газ университеті (Ұлттық зерттеу университеті)» федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

11.  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (Қазақстан Республикасы) мен «Нақты механика мен оптика институты» ұлттық зерттеу университеті»  федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

 

Өзгелердің жаңалығы