Қазақстан мен Ресей әскери-техникалық салада бақылауды күшейтпек

30 Сәуір 2019, 16:56
2052
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей әскери-техникалық салада бақылауды күшейтпек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Сенаты сәйкес заң жобасын қабылдады.  

Сенат «2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы өнімнің болуын және нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын қабылдады.     

Заң жобасын Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев таныстырды. Ол келісімге 2017 жылғы 29 қарашада Мәскеу қаласында қол қойылғанын айтты. 

«Келісім ережелеріне сәйкес, әскери мақсаттағы өнім беруші тарап әскери өнімдерді бақылауды мынадай мақсаттарда жүзеге асыруға құқылы: біріншіден, өнімдердің болуын және олардың мақсатты пайдаланылуын тексеру. Екіншіден, Қарулы күштерде, басқа да әскерлер, әскери құрылымдарда, құқық қорғау органдары мен арнайы органдарда олардың мақсатты пайдаланылуын растайтын қажетті құжаттаманы салыстырып, тексеру. Үшіншіден, берілген өнімді есептен шығарудың негіздемесін тексеру», - деді Бақыт Құрманбаев. 

Бұған қоса, бүгін сенаторлар «Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болғызбау туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын қабылдады.


Өзгелердің жаңалығы