2026 жылдың басынан бері Қазақстан мен Ресей арасындағы теміржол қатынасын 99 мыңнан астам жолаушы пайдаланған. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл бағыттағы жолаушылар ағыны шамамен 300 мың адамды құрады.
Қазіргі таңда екі ел арасында Қазақстанның ірі қалаларын Ресей өңірлерімен байланыстыратын 8 халықаралық жолаушылар бағыты қатынап тұр.
Қолданыстағы бағыттар:
- №7/8 «Алматы-2 – Саратов» – күнара
- №83/84 «Қарағанды – Мәскеу» – аптасына 2 рет
- №113/114 «Алматы-2 – Қазан» – аптасына 1 рет
- №145/146 «Нұрлы жол – Омбы» – аптасына 3 рет
- №301/302 «Алматы-2 – Новосібір» – күнара
- №325/326 «Атырау – Астрахань» – күнара
- «Алматы – Мәскеу» бағытындағы тіркемелі вагондар – күнара
- №407/408 «Локоть – Риддер» – Ресей тарапы бекіткен кесте бойынша
Жолаушылар арасында Астана – Омбы, Алматы – Новосібір, Алматы – Қазан және Қарағанды – Мәскеу бағыттары ең сұранысқа ие болып отыр.
Бірқатар халықаралық бағыттарда RWS Wagon зауытында шығарылған жаңа отандық вагондар қатынай бастады. Бұл жолаушыларға жасалатын қызмет сапасын жақсартып, алыс бағыттардағы сапарды барынша жайлы етуге мүмкіндік берген.
Жаңа жолаушылар вагондары кондиционер жүйесімен, биодәретханалармен, заманауи ұйықтайтын орындармен, USB-қосқыштармен, күшейтілген дыбыс оқшаулау жүйесімен, бейнебақылаумен және мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған купелермен жабдықталған.