Қазақстан мен Ресей арасында маңызды келісімдерге қол қойылады – Тоқаев

10 Ақпан 2022, 19:00
1252
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей арасында маңызды келісімдерге қол қойылады – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәскеуге сапар аясында  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде айтты. 

Қазақстанның біздің елімізге бітімгершілік контингентін жіберу туралы өтінішіне жылы, іскерлік көзқарасыңыз (Ресей Президенті Владимир Путин-автор) үшін тағы да ризашылығымды білдіргім келеді. Бітімгерлік топ стратегиялық нысандарды қорғауда, Қазақстанды құрбан етіп таңдаған лаңкестерді, қарақшыларды психологиялық қорқытуда өте маңызды рөл атқарды, - деді Тоқаев. 

Мемлекет басшысы бірқатар мәселе бойынша пікір алмасу болатынын айтты. 

Расында да, алдағы келіссөздер барысында біз екі елдің стратегиялық мүдделеріне әсер ететін бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуды жоспарлап отырмыз. Маңызды келісімдерге қол қойылады. Жалпы стратегиялық өзара іс-қимылымызда, одақтастық қарым-қатынасымызда нақты нәтижелерге қол жеткізу мақсаты бар. Бұл жерде біз күткен нәтижелерге табиғи түрде қол жеткіземіз деп ойлаймын, оған қоса  саяси ерік-жігер де бар, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы