Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол жүк тасымалы 12% өсті

11 Маусым 2024, 19:40
413
Бөлісу:
Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол жүк тасымалы 12% өсті
Фото: ҚТЖ

Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол жүк тасымалы 12% өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы жылдың бес айында Қазақстан мен Қытай арасындағы темір жол көлігімен тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12% ұлғайып, 12,8 млн тоннаны құрады. Бұл ретте экспорт 17%, яғни 8 млн тоннаға дейін өсті. Қазақстанға темір жол арқылы 4,8 млн тонна жүк әкелінді, бұл көрсеткіш 6% артты.

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айлары қорытындысы бойынша Алтынкөл – Қорғас станциялары арасында жүктерді тасымалдау өткен жылғы деңгейге қарағанда 7%, 5,3 млн тоннаға дейін ұлғайды. Достық станциясы арқылы ҚХР-ға және кері бағытта 7,4 млн тонна жүк берілсе, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17% жоғары.

Өзгелердің жаңалығы